Басты бетЖаңалықтарАлматы әкімдігі...

Алматы әкімдігі белсенділерге 8 наурызда митинг өткізуге рұқсат бермеді

Қала әкімдігі 8 наурызда басқа шара өтетінін хабарлаған.

Белсенділер 20 желтоқсан күнгі жазбасында шерудің 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын, жыл сайын ұйымдастырушылардың кедергіге ұшырайтынын (мысалы, полицияның ұйымдастырушылардың үйлеріне барып, өтініштен бас тартуға мәжбүрлеуі және тағы басқа) баяндаған.

Бұл жолы әкімдік Алматыда бейбіт жиынға бөлінген төрт орында 8 наурызда өтетін шаралар бекітіліп қойғанын алға тартып, рұқсат бермеді. Әкімдіктің тұжырымдауынша, өтінішті «Еріктілер лигасы» түсірген. Билік олардың 8 наурызға жоспарланған үш митинг және 5 шақырымға созылатын шеруін мақұлдаған. Мерзіміне қарағанда, біздің митинг және шеру өткізу туралы хабарламамыз түскен күнмен сәйкес келеді, — деп жазды белсенділер.

«Еріктілер лигасы» «Власть» басылымына 2023 жылдың 8 наурызында еріктілікпен айналысып, «адамдарға көмектесетінін» айтқан. Алайда митинг және шеру өткізетінін растамаған.