Басты бетЖаңалықтарКозачков ісі:...

Козачков ісі: бас прокурор айғақтарды толық көлемде қарауды тапсырды

Жандос Өмірәлиев бас прокурордың тапсырмасы бойынша жекелеген қоғамдық ұйымдар мен адвокаттар жіберген бүкіл өтініштер мен дәлелдер қаралатынын мәлімдеді.

Қаржы мониторингі агенттігі де жеткілікті ақпарат берді және біз де баспасөз релизін тараттық. Бұған қоса, президент тапсырмасымен бас прокурор іс жүргізу прокурорының тобына жекелеген қоғамдық ұйымдар мен адвокаттар жіберген барлық өтініштер мен айғақтарды толық көлемде қарауды тапсырды. Бұл топ қазір осы мәселелермен айналысып жатыр, — деді бас прокурор орынбасары мәжілістің кулуарында.

Бұған дейін хабарланғандай, 18 желтоқсан күні қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек көрсетті деген күдікпен ұстады.