Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Сонымен қатар Асқар Бекпағанбетовке мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» КМК директоры Асқар Бекпағанбетов лауазымдық өкілетін асыра пайдаланған. Ол газмазут жанарғыларын жеткізуге «КосДинКом» ЖШС-мен бұрын жасалған шартты заңсыз бұзып, «Теплоэнергомонтажстрой» ЖШС және «Алатаустрой-2009» ЖШС-мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай жылу энергетика орталығына жоғары бағамен жеткізу және монтаждау үшін басқа шарт жасаған, — делінген хабарламада.
Салдарынан мемлекетке 15 миллион теңге көлемінде залал келтірді.
«Теплоэнергомонтажстрой» ЖШС кәсіпорындарының басшылары Рүстем Зиннатуллин мен «АлатауСтрой-2009» ЖШС Төлеген Тұрлұғұловты мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.