Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында мәлімдеді.
Энергетика министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойныша құрылған арнайы комиссия жұмысы аясында 37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйіне талдау жүргізді. «Қызыл» аймаққа – 19, «сары» аймаққа — 11, «жасыл» аймаққа – 7 ЖЭО кірді, — деді министр.
Ведомство басшысы ЖЭО-ларды тәуекел аймақтар бойынша анықтау кезінде 4 өлшемшарт ескерілгенін айтты.
Бірінші – жабдықтың тозуы. Оның орташа тозу көрсеткіші – 66%. Бұл ретте Орал, Степногор, Тараз, Қызылорда, Кентаудағы ЖЭО-ның тозуы 80% асады. Елдегі ЖЭО-ның орташа жасы — 61. Оның ішінде ЖЭО-ның шамамен 76% 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр стансаларындағы авариялық ажыратулар саны 2020 жылмен салыстырғанда 5% артты, — деді Болат Ақшолақов.