Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, оның 4 733-і, яғни 74% кең жолақты интернетке қосылған. 1 628 елді мекен 4G-ге қосылған, ал 3 105-і 3G технологиясымен қамтамасыз етілген. Барлық елді мекендердің 34% ADSL технологиясымен, яғни мыс сымымен қосылған, сонымен қатар оптика жүйесімен 26% қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен бірге тұрғындар саны 260 мыңнан асатын 1 673 ауыл кең жолақты ұялы байланыс интернетпен қамтылмаған. Байланыс сапасын көтеру мақсатында біз жыл сайын «базалық станциялардың» санын көбейтіп жатырмыз. Бүгінде 43 мыңдай базалық станция орнаттық. Демек, жыл сайын 4 мың жаңа станцияға іске қосылады, — деді Мусин парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында.
Осы орайда ол заңнамалық өзгерістер арқылы операторларды байланыс инфрақұрылымына инвестиция салуға ынталандыру тетіктері бекітілгенін айтты.
Атап айтқанда, әрбір байланыс технологиясы үшін ең төменгі сапа параметрлері белгіленген. Нақты айтатын болсақ, 3G-ге секундына 1 Мбит, 4G-ге секундына 5 Мбит айқындалды. Бұл механизмге сәйкес, бекітілген сапа көрсеткіштерін бірінші рет бұзғаны үшін айыппұл сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен 1 000-ға көтерілді. Бұл талап қайта бұзылса, 200 АЕК-тен 15 мыңға дейін жетеді. Шынын айту керек, бұрын айыппұл мөлшері аз болған. Сол себепті операторларға, басты жауапкершілікті алмай, жай ғана айыппұл төлеп жүре беру ығайлы еді, — деді ведомство басшысы.
Бұл тұрғыда ол айыппұл сомасының өсуі операторларды өз инфрақұрылымына жауапкершілікпен қарауға міндеттейтінін айтты.
Айыппұл механизмі бюджетке түсетін кірісті көтерді. 2022 жылы барлығы 1 051 тексеру жүргізіліп, 1 миллиард 264 миллион теңге сомасына айыппұл жазылды. Бұған қоса, айыппұл нәтижесінде операторлар 700 ден астам базалық станция қосымша орнатты, — деді министр.