Қазіргі таңда Байтақ партиясы және Республика партиясы тіркелді. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар бірінші сатыдан өте алмай жатыр. Себеп бұрынғыдай, тапсырған құжаттары заңға сәйкес келмейді, — деді Мусин парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Осы орайда журналистер жаңадан тіркелген екі партия алдағы парламент сайлауына қатыса ала ма деп сұрады.
Олар барлық құқыққа ие толыққанды тіркелген саяси партия, — деп жауап берді министр.
Мусиннің айтуынша, жаңа партиялар бір ай бұрын тіркелген.