Басты бет Жаңалықтар Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды автобус қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан реанимацияда қайтыс болды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қайғылы оқиға 2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:20-да болған.

Түрксіб ауданында жүргізуші — 1972 жылғы У.есімді азамат, «FOTON» маркалы қоғамдық көлікті Құлжа тас жолы бойымен жүргізіп келе жатқан. Оңға қарай бұрылыс жасамақ болғанда жолдың жүру бөлігі белгіленбеген бағытта кесіп өткен жаяу жүргінші — 1998 жылғы С.есімді азаматшаны қағып кетті, — делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, бірақ реанимацияда қайтыс болған.

Бұл факт ҚР қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, жария етілмейді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version