Басты бет Жаңалықтар Полицияға тастанды сәбилер туралы хабарламаған дәрігерлерге айыппұл салынуы мүмкін

Полицияға тастанды сәбилер туралы хабарламаған дәрігерлерге айыппұл салынуы мүмкін

Медицина ұйымдарының лауазымды тұлғалары жаңа туған баланы тастап кету фактісін полицияға хабарламаса, онда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне осындай өзгеріс енгізетінін мәлімдеді.

Иллюстрация: Turaninfo.kz

«Медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактісі туралы хабарламауы — жеке тұлғаларға — 5, лауазымды адамдарға — 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер әкімшілік жаза қолданылып, кейін 1 жыл ішінде дәл сол әрекеті қайталанса, онда жеке тұлғаларға — 20, лауазымды адамдарға — 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», — делінген жаңа құжатта.

Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Оны талқылау 23 желтоқсанда аяқталады.

Exit mobile version