Құлаққап

Қазір ақпаратты аудио немесе видео форматта алу жеңілірек болды. Музыка мен радиоға қоса, аудиоподкастар да шықты. Құлаққап тағып алып, бүкіл жаңалықтан хабардар болып жүре аламыз. Сондықтан өзіңізге арналған жаңа жылдық сыйлықтар топтамасына құлаққапты таңдап отырмыз. Себебі бұл — демалыс кезінде, жұмыс істеп, сабақ оқығанда, сапарда өте қажет құрылғы. Мұндай сыйды тіпті музыканы онша ұнатпайтындар да бағалайды деп айтуға болады. Оның үстіне қазіргі құлаққаптарда қозғалысты шектеп, шатасып қалатын бауы жоқ. Сымсыз құлаққаппен YouTube-тен видео мен шоуларды көру немесе подкастарды тыңдау әлдеқайда ыңғайлы.

құлаққап, Jusan
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Дәрігерлер құлаққап адамның есту қабілетіне зиян болмауы үшін оны күніне бірнеше сағат қолдануға кеңес береді. Сонымен қатар музыканы құлаққаппен қатты дауыста тыңдамаған жөн екенін айтады. Дегенмен құлаққап — әрекет пен қозғалысқа бастайтын, көңіл-күйді көтере алатын ерекше гаджет. Ол адамға еркіндік береді. Оның арқасында спортзалдағы жаттығулар, оқу орнындағы сабақтар қызық, нәтижелі болады. Кейде жол ұзақ және шаршататын болса, гаджетіңізге жүктеп алған сүйікті әндеріңіз бен фильм жолды қысқартады. Қалтаңызда құлаққап болса, айналаңыздағы жағдайға алаңдамай, өз әлеміңізге еніп кете аласыз.

Құлаққапты өзіңізге ыңғайлысына қарай таңдаған дұрыс. «Үнемі қалтамда жүрсін, алып жүруге ыңғайлы болсын» десеңіз, уысыңызға сыйып кететін құлаққап бар. Ал құлақты толық жауып, адамдарды емес, гаджетіңіздегі дүниені тыңдап отырғаныңыз маңызды десеңіз, үлкен құлаққаптар да жетеді. Бір жақсысы, қазір қандай құлаққап болмасын сымсыз жұмыс істей береді.

Кресло

Пандемияда қашықтан көп жұмыс істеп, компьютер алдында дұрыс отырмау салдарынан кейбірі арқасы мен мойын омыртқасын тексертіп, дәрігер жағалап жүр. Ал біразымызға мұндай жағдайдың алдын алуға болады. Күні бойы компьютермен жұмыс істеп, тапжылмай отыратын жандардың қатарынан болсаңыз, жаңа жыл қарсаңында өзіңізге арнап кресло сатып алуды ұсынамыз. Себебі кресло – комфорт, кресло – қауіпсіздік. Кресло – тік, түзу арқаның кепілі.

кресло, Jusan
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Креслоның бірнеше түрінің ішінен өзіңізге тиімдісін таңдаған дұрыс. Кейбірі компьютерде отыруға арналған. Тіпті біреулері арқаға массаж болады. Массаж кресло метаболизмді жақсартады және организмнен токсиндердің шығуына ықпал етеді. Остеохондроздың және омыртқа қисаюының алдын алуға көмектеседі. Күні бойы отырып жұмыс істейтіндер үшін мұндай кресло тіпті арман. Себебі адамға оған күнде отыру, пайдалану жеткілікті. Қалған істі кресло шығарушылар сіз үшін жасап қойды.

Мамандар компьютер алдында тік отыру қажет екенін айтады. Экран мен адам назары біреуі төмен не жоғары емес, екеуі де тең болғаны жөн. Ал көз бен монитор арасындағы ең тиімді қашықтық — 50-70 сантиметр.

Skillbox курстары

«Келесі жылы қаржылай сауатты боламын, ағылшын тілін жетік меңгеремін, IT саласын, бағдарламалауды үйренемін» деп сан мың рет айтқан боларсыз. Сол айтылғанды жүзеге асыратын уақыт келіп тұрған шығар? Бүгінде білімді өзіңе ыңғайлы уақытта, онлайн алуға болатыны қандай жақсы? Жаңа жыл қарсаңында әйгілі Skillbox компаниясы өзінің курстарын жеңілдікпен сатып жатыр. Ал бұл курстарды Jusan дүкеннен бірнеше айға бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. 2023 жылға дейін әлі уақыт бар. Алдын ала рәсімдеп, жаңа білімді алуға дайын болғанда бастап кете аласыз.

Skillbox курстары
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Мысалы, әр жылы Skillbox курстарын әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам сатып алды. 2021 жылы компания 560-тан астам білім беру өнімін ұсынса, 2022 жылы курстар саны 780-ге дейін өскен.

Биыл елімізде жұмысқа қабылдар кезде жоғары оқу орнының дипломымен қатар, қосымша оқыған курстар мен өткен тәжірибенің сертификаты көрсетілетіні айтылды. Мұндай сәтте оқу ыңғайлы болатын онлайн курстардан бастап көріңіз. Skillbox-та сізді аудиосабақтар мен тапсырмалар, менторлармен кеңесу сәті күтеді. Мысалы, Skillbox-тың веб-әзірлеуші курсы 775 мың теңге тұрса, 24 айға бөліп, айына 32 000 теңгеден төлей аласыз. Курс арқылы веб-сайттар мен қосымшаларды жасауды, JavaScript және PHP бағдарламалау тілдерінде код жазуды үйренесіз.

Біз ұсынған жаңа жылдық сыйлықтарды 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып алуыңызға мүмкіндік бар. Мұндай мүмкіндік Jusan дүкенде 1 қаңтарға дейін болады. Бұл жолы үш аптаға созылатын науқан аясында барлық категория бойынша тауарларды бөліп төлеуге алуға болады. Мысалы: тұрмыстық техника, киім-кешек, автотауарлар, ойын приставкалары, тренажерлар мен жаттығуға арналған аксессуарлар, шаңғы жабдығы, смартфондар және тағы басқа. Бөліп төлеу арқылы алынған барлық тауарға бонус беріледі.

Сонымен қатар Skillbox курстары 75%-ке дейін жеңілдікпен сатылып жатыр. Ал мерекеге орай шырша мен гирлянданы дүкеннен 30%-ке дейін жеңілдікпен сатып ала аласыз. Бұл — Jusan дүкеннің клиентке арнаған мерекелік тосынсыйы.

Оған қоса, Jusan дүкен өз клиенттеріне арнап, сыйлық дайындады: құны 50 000 теңгеге дейінгі барлық тауарды Jusan картасымен немесе бөліп төлеуге алған жағдайда 15% бонус беріледі. Ал Jusan дүкенде сізді 800-ден астам тауар мен қызмет, 3 500-ден астам категория, 2 000-нан астам серіктес дүкен күтеді.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.