Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мәліметінше, 15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі метеорологиялық жағдай Усть-Ишим үстіндегі ауқымды антициклон әсеріне байланысты болады.

Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және республиканың солтүстік өңірлерінде ауа температурасының түнде 23-28 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Тек орталықта, оңтүстік-батыста, 17 желтоқсанда республиканың шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, аздаған қарлы боран күтіледі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында тұман күтіледі, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да