Оның айтуынша, «Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленіп жатыр. Кәмелетке толмаған барлық балаға жеке шот ашылады.
18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түседі. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды, — деді Жақсылықов үкімет отырысында.
Шотта жиналған қаражатты кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға болады.
Жобаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер келесі жылы қабылданады.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарлама басталатынын жариялады.