Цифрлық инфрақұрылым аясында азаматтарға және бизнеске мемлекеттік қызметтердің 100% қашықтан онлайн беріледі. Бүгінде eGovMobile қосымшасын 13 миллион адам пайдаланып, 17 миллионнан астам қызмет көрсетілді. 26 қызмет проактивті форматта көрсетіліп жатыр, — деді ол.
Министрдің атап өтуінше, платформалық модельге көшу үшін QazTech отандық платформасын құру бойынша бұлттық технологияларға көшу кезеңі іске асырылады.
«Әлеуметтік қорғау» бағыты аясында «Отбасының цифрлық картасы» пилоттық режимде іске қосылды. Қазіргі уақытта 80 критерий бойынша 6,5 миллион отбасына мониторинг жүргізілді. Келесі жылы оны өндірістік пайдалануға қосуды жоспарлаудамыз, — деді Бағдат Мусин.