Премьер-министрдің айтуынша, үкімет жұмысының тиімділігін ең алдымен қарапайым халық сезінуі керек. Сол үшін үкімет мүшелерінен шешім қабылдауда батылдық таныту талап етіліп отыр.
Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал «қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын» деген әріптестеріміз қазірден орнын босатсын. Орындарыңызға басқа адамдар келеді. Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз. Сонда көздеген мақсатқа жетуге болады, — деді Әлихан Смайылов.