– Кейінгі жылдары «Филип Моррис Интернешнл» бизнесті түбегейлі өзгертуімен жұртшылықты біршама таң қалдырды: денсаулыққа бағытталған тауарлар желісін кеңейтіп жатырсыздар. Бұл нені білдіреді?
– Бұл жерде әңгіме үлкен міндеттер қоюда болып отыр — біз темекі өнімдерін түтінсіз өнімдермен – электрон темекімен, темекіні қыздыру жүйелерімен (ТҚЖ) және басқа баламалы тауарлармен толықтай ауыстыруды ойластырып жатырмыз. Жанатын өнімдер мен электрон темекі және қыздырылатын темекі сияқты өнімдер арасында үлкен айырмашылық бар.
Темекінің жануы адамдар үшін қауіпті химиялық қосылыстардың жоғары деңгейін тудырады. Біз жану процесін алып тастай алсақ, темекі түтінімен салыстырғанда осы зиянды заттардың деңгейін 90-95% қысқартамыз. Сондықтан бізде зиянды өнімдерді алмастыратын технология, инновация және ғылыми зерттеулер болуға тиіс деп шештік. Біз мұндай өнімдерді әзірлеуге және коммерцияландыруға 2008 жылдан бері 9 миллиард доллардан астам инвестиция салдық және 2016 жылдан бастап алғашқы түтінсіз өнімімізді – қыздырылатын темекі жүйесін сатуды бастадық, сонымен қатар біз өзімізге кәдімгі темекіні қыздырылатын темекі жүйесіне ауыстыруға міндеттеме алдық. Дүниежүзінің 70 елінде 20 миллионға жуық темекі шегуші ТҚЖ-ға көшіп үлгерді, олардың шамамен 70%-і темекіден толығымен бас тартты.
– Түтінсіз өнімдерге қандай өнімдерді жатқызуға болады?
– Осы санаттағы электрон темекі, олар әдетте никотин, глицерин, пропиленгликоль және хош иістендіргіштері бар сұйықтықты қыздырады. Бұл сұйықтықты қыздыру нәтижесінде бу пайда болады, оның түтіннен айырмашылығы — құрамында көп зиян келтіретін қатты бөлшектері жоқ.
Басқа түтінсіз өнімдер – бұл темекіні қыздыру жүйелері. Оларды қолдану темекіге қарағанда басқашалау, оларда ептеп темекіге ұқсайтын таяқшалар (стиктер) пайдалану көзделген. Таяқшалар аккумуляторы бар жоғары технологиялық құрылғы болғандықтан арнайы ұстағышқа (холдерге) салынады. Холдер жану процесін болдырмай, қыздыру температурасын қадағалайды. Таяқша шамамен 300-400 градус температураға дейін қызады – бұл қатты бөлшектерсіз, бірақ нағыз темекі дәмі бар аэрозольді шығару үшін жеткілікті және мұны сигареттің ішіндегі темекі жанатын 800-900 градуспен салыстыруға да болмайды.
Мынаны айтқым келеді: Ұлыбританиядағы темекі шегушілердің үштен бірі электрон темекіге, ал Жапонияда темекі шегушілердің 30%-і қыздырылатын темекіге көшті. Бұл түтінсіз өнімдерге сұраныс бар екені анық көрсетеді.
– Ал Қазақстанда түтінсіз өнім өндірісі жолға қойылуы мүмкін бе?
– Шын мәнінде Қазақстан — бшамамен 4 миллион темекі шегушісі бар ел және олардың жарты миллионға жуығы темекіден түтінсіз қыздыру жүйесіне ауысты. Мұнда біздің өз өндірісіміз бар, темекі фабрикасында 700-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Біз Қазақстанды әрдайым назарда ұстаймыз және біз мұнда қарапайым темекіден түтінсіз темекіге көшу барысын анық көреміз. Қазақстанда көп темекі шегуші түтінсіз өнімдерге ауысып жатыр, бұл ел әрқашан инновацияларға ашық болатын.
– Темекі мен түтінсіз темекіге акциздердің деңгейі әртүрлі болуы керек деп ойлайсыз ба?
– Дүниежүзіндегі және ЕО елдеріндегі денсаулық сақтау мамандары бұл мәселе бойынша ақылға қонымды принципті қолданады және темекі мен түтінсіз өнімдер арасындағы айтарлықтай айырмашылықты қолдайды.
Біздің ойымызша, темекі акциздері түтінсіз өнімдерге қарағанда жоғары болуы керек – айырмашылық олар тудыратын қауіпті заттардың деңгейінде. Бұл жерде мәселе инновацияны ынталандыруда болып тұр, яғни компания жаңа технологияларды дамытуға, ғылымға инвестиция салуға, баламалардың пайда болуы мен дамуына, тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігіне мүдделі болуы керек.
Еуропа елдерінің 90%-і осы парасаттылық қағидатын ұстанады. Өнімдер арасындағы акциздерде түтінсіз өнімнің пайдасына неғұрлым көп айырмашылық болса, олар соғұрлым инновация тұрғысынан дамиды және халықтың қолдауына ие болады. Менің ойымша, Қазақстан да осындай жолмен жүруге тиіс.