Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
2022 жылдың 13 желтоқсанында сағат 08.30-да Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» күре жолының 105-123 шақырымдары аралығында жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, — делінген хабарламада.