Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеді

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,63 теңгеге төмендеп, 1 доллар 469,93 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 469,5 теңге, сатып алу – 473 теңге.

Ал Астана бойынша сату бағамы – 468,5 теңгеден болса, сатып алу – 471, 5.

Ресей рублі 7,27- 7,31 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 12 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,65 теңге болды.