Басты бетЖаңалықтарПрезидент: Әрбір...

Президент: Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы нақты нәтижемен өлшенеді

Мемлкет басшысы отырыста еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сөз болатынын айтты.

Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6%-тен 2,7%-ке дейін төмендеді. Инфляция кейінгі 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6%. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр, – деді президент.

Сонымен қатар президент елде 20 қараша күні өткен сайлауға тоқталды.

Жуырда өткен президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз, — деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданғанын атап өтті.

Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады, – деді президент.