Басты бетЖаңалықтарҚазақстан азық-түлікке...

Қазақстан азық-түлікке көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады

Бұл туралы РИА Новости зерттеуінде жазылған.

Сарапшылардың мәліметінше, Еуропа елдерінің көбінде отбасылық бюджеттің негізгі шығындарының бірі азық-түлікке жұмсалады. Шығын көлемі өмір сүру жағдайына қарай әр елде әртүрлі.

Тамақ үшін ең аз ақша бөлетін Люксембург тұрғындары болып шықты. Олар тамақ үшін шығындарының 8,4% ғана жұмсайды. Содан кейін 10,6% Нидерланды және Ұлыбритания тұр. Ал Ирландия, Германия, Финляндия, Аустрия және Норвегия тұрғындары отбасылық шығынның 12% тамаққа жұмсайды. Сарапшылар аз ақша бөлетін елдердің көшін Батыс Еуропаның экономикасы дамыған мемлекеттері бастайды, — делінген хабарламада.

Зерттеу бойынша, тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің ең көбі бұрынғы КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері болып шықты. Рейтингтегі барлық елдің ішінде соңғы орында Қазақстан тұр. Қазақстандықтар табысының 53% тамақ алуға шығындалады екен.

Украина және Молдова тұрғындары да отбасы табысының 40% аса көлемін азық-түлікке жұмсайтын болып шықты. Ал Молдова, Солтүстік Македония, Беларусь және Болгария тұрғындары табыстарының 35% астамы азық-түлікке жұмсайтын елдер қатарында. Ресей рейтингте 31-орында.