Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау, сонымен қатар медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөніндегі алқа отырысы өтті.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, алқа жұмысына парламент мәжілісінің депутаттары, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Бірінші мәселе, бойынша бас прокурор биыл мемлекетке қолданылмаған 1,5 миллион гектар жер қайтарылғанын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қоғамдық жайылымдардың тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллион гектарға дейін қысқартылды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында 11 мың үлескерге 500 мың гектардан астам жер қайтарылды.
Тексерістер олигополиялардың қолдануындағы ең жақсы және құнарлы ауылшаруашылық жерлерін, жайылымдар мен коммерциялық учаскелерді анықтады. Бүгінгі таңда олардан мемлекет пайдасына 145 мың гектар жер тәркіленді.
Тексеріс қорытындысы бойынша 56 қылмыстық іс қозғалды, 9 кінәлі адам сотталды.
Тексеру нәтижелері бойынша Шымкент, Ақмола, Атырау, Алматы және Түркістан облыстары әкімдіктерінің жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бойынша басқармаларының лауазымды тұлғаларына, сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының жеке жер пайдаланушыларына қатысты 56 қылмыстық іс қозғалды.