Басты бетЖаңалықтарАлматының 2023...

Алматының 2023 жылға арналған бюджеті бекітілді

Кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттары қала бюджетін бекітті. 2023 жылы бюджет мына салаларға жұмсалады:

  • Мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, вакциналар сатып алуға, халықты әлеуметтік қолдауға 776,6 миллиард теңге;
  • Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға 230 миллиард теңге;
  • Бюджеттік алуларға 207,2 миллиард теңге;
  • МЖӘ шеңберіндегі міндеттемелерге және мемлекеттік қарызды өтеуге 21,4 миллиард теңге;
  • Алматы әкімінің резервін толықтыруға 22,5 миллиард теңге.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Алматы бюджетінің жартысы тұрғындарды әлеуметтік қолдауға жұмсалады. 2 520 орындық 10 мемлекеттік балабақша салу жоспарланып отыр, тағы 5 000 орындық мемлекеттік тапсырыс жеке балабақшаларға беріледі.

Жалпы 337 мың оқушыны қамтитын 211 мектепті, 16 интернаттық мекемені, 50 колледжді ұстауға 242,5 миллиард теңге жоспарланған. 18 мектептен тыс ұйымға қосымша білім беруге тағы 2,2 миллиард теңге бөлінеді. 2 505 тәрбиешіні, 3 мың мектеп мұғалімін, 150 қызметкерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға басқарушы персоналдан 2,8 миллиард теңге бағытталады.