Басты бетЖаңалықтарКөлгінов үкіметте...

Көлгінов үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді

Вице-премьер үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді.

Көлгінов білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты сияқты мәселелерді бақылауына алады.

Смайылов орынбасарына жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тіледі.

Бұған дейін үкіметте әлеуметтік блоктың мәселелеріне бұрынғы вице-премьер, Ақтөбе облысының қазіргі әкімі Ералы Тоғжанов жетекшілік ететін.

Айта кетері, Астананы үш жыл басқарған экс-әкім Алтай Көлгінов бүгін, 9 желтоқсанда президент жарлығымен премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.