Екібастұзда 20-30 үйді қамтитын пәтер иелерінің кооперативтері бар. Оларда санаулы ғана сантехник жұмыс істейді. Ішкі құбырлар қатып қалмас үшін суды төгу туралы команда берілгенде олардың кейбірі үлгерді, енді кейбірі жұмысты орындап үлгермеді. Ал қазір олар бұл команда уақытылы берілмегенін айтып отыр.
Кейбір үйлерде бұл жұмысты тұрғындардың өзі істеді. Яғни, олар жертөлеге барып, суды ағызып жіберді. Мұндай үйлерді біз бір күн ішінде жылу желісіне қостық. Бірақ кейбір үйлер бойынша арнайы бригадалар барлық тоғыз қабаттағы құбырлар мен жылу радиаторларын ауыстырды. Бұл – өте ауыр еңбек, — деп тоқталды вице-премьер.
Роман Скляр енді ПИК-тер төтенше жағдайдың қалай жойылғаны мен коммуналдық қызметтердің қалай әрекет еткенінен тиісті қорытынды жасауы керектігін айтты.
Мен бұл кешендердің тұрғындарын кінәламаймын. Тек оларға тиісті қорытынды жасап, меншік иелері бірлестіктерінің немесе ПИК жұмысын реттеу қажеттігін айтамын. Әрбір үйде инженерлік желілердің жай-күйін білетін сантехник болуы керек және олар апат болған жағдайда дереу әрекет етіп, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. ПИК-тер төтенше жағдайдың қалай жойылғанынан, коммуналдық қызметердің қалай әрекет еткенінен тиісті қорытынды жасауы керек, — деді Роман Скляр.
Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. Қалада оқушылар онлайн оқуға көшірілді. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.
Апат себебі ретінде жылу желілерінің тозуы, жылу орталығы басшылығының немқұрайлылығы мен инвестициялардың жеткіліксіздігі аталды.