Басты жаңалық: биылғы конкурсқа қатысуға өтініш саны үш есе өсті – 2021 жылы 123 болса, биыл 370 өтініш түскен. Жоба қатысушыларының саны да айтарлықтай көбейген – былтыр 350 болса, биыл 800.

Қазылар ең қызық, келешегі бар деген 40 жобаны іріктеп алды. 10 команданың атынан 30 қатысушы финалға дейін жетті. Олар қыркүйектің соңындағы конкурстың мәресінде жобасын таныстырды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты EXPO ХКО-да өткен Digital Bridge 2022 форумында өтті.

Биыл Solve for Tomorrow-да бірінші орынды Nuret SS жобасын дайындаған Virgo командасы (Ақтөбе) алды, бұл — шахташыларға арналған, денсаулыққа ауадағы зиянды газдар мен олардың көлемі туралы хабарлайтын газталдауыш. Жеңімпаздар гран-при ұтты – 4 миллион теңге алды!

Екінші орынды жерді өз бетімен өңдей алатын электрқозғалтқышпен жұмыс істейтін робот-трактор әзірлеген қостанайлық Ortus командасы иеленді. Жүлдесі – 2,5 миллион теңге.

«Қоланы» дауыстың не бұлшықеттің жиырылуымен басқарылатын қол протезін жасап шығарған шымкенттік Kazbionics еншіледі. Оқушылар бір миллион теңге алды.

Қалған финал қатысушылары 300 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлық пен конкурсқа қатысқаны туралы диплом алды.

ҚР оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов форумдағы сөзінде цифрлық экономиканы дамыту Қазақстан үшін басымдық екенін және осындай шаралар дарынды жастарды қолдап ынталандыратыны туралы атап айтты.

Solve for Tomorrow — 2010 жылы АҚШ-та пайда болып, кейін әлемнің 23 еліне жеткен бағдарлама. Соның ішінде Қазақстан да бар. Бұл — айналасындағыларға ғылым мен технология арқылы көмектескісі келетін белсенді өмірлік ұстанымы бар оқушыларға арналған идеялар конкурсы.

Бағдарламаға Қазақстанның кез келген өңірінен 18 жасқа дейінгі жасөспірім қоршаған әлемді жақсы жаққа өзгертуді көздейтін жобасын ұсына алады. Samsung енді Solve for Tomorrow конкурсына қатысушыларды жаңадан жинау туралы келесі жылы хабарлайды. Samsung Newsroom Kazakhstan ресми жаңалықтар дереккөзінде жаңалықтарды бақылауға болады.