Jastar ғылыми-зерттеу орталығы — мемлекеттік органдарға Қазақстан жастарының жай-күйі туралы ақпаратпен беретін бірегей орталық.

Орталықтың басты қорытынды құжаттарының бірі — «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы. Бұл — еліміздің жастар саясаты мәселесінде бірегей және негізгі бастама.

Биыл «Қазақстан жастары-2022» ұлттық баяндамасының 10-шы, яғни мерейтойлық шығарылымы шығады, онда дәстүрлі «Қазақстанның қазіргі жастарының портреті» енгізілген.

Жастардың азаматтық және саяси өмірге қатысуын тереңірек зерттеу олардың өзекті проблемаларын анықтауға көмектеседі, сонымен қатар жастардың наразылық акцияларына қатысуының негізгі себептерін анықтайды.

Осы және алдыңғы жылдардағы портрет жастар арасындағы актуал трендтердің дамуын қадағалап қана қоймай, алдағы жылдарға болжам жасауға да мүмкіндік береді.

Қазақстан жастарының 60%-ке жуығы аймақтағы геосаяси жанжалдың салдарын сезінбеген. Ал 21%-і интернетте жарияланған ақпаратты бірнеше рет тексеріп отырады. Осы тақырыпқа қатысты басқа деректерді төмендегі «Жастар портреті» видеосын көруге болады.

Сонымен бірге зерттеумен толығырақ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сайтынан танысуға болады.