Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Литва арасында жүк тасымалдау көлемі 11% өсті

Бұл туралы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шарханның Литва Республикасының өнеркәсіпшілер конфедерациясының президенті және JSC Global BOD Group басқармасының төрағасы Видмантас Янулевичюспен кездесуінде белгілі болды.

Иран Шархан Литва Республикасымен көлік, авиация, инфрақұрылымды дамыту саласы бойынша тығыз байланыс орнатылғанын атап өтті.

Қазақстан аса маңызды шикізат материалдарының құнын құру тізбегін дамыту мәселесінде ЕО үшін сенімді серіктес болуға ниетті. Біздің тәсіл «ресурстарды инвестициялар мен технологияларға айырбастауға» негізделген, — деді Шархан.

Оның айтуынша, елдер арасында теміржол, автомобиль, әуе көлігі және контейнерлік тасымалдау саласындағы мәселелердің кең ауқымын қамтитын көлік саласындағы әріптестікті нығайту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Литва тарапынан жұмыс тобының келесі отырысына шақыру келген жағдайда өз тарапымыздан қатысуға дайынбыз, — деді вице-министр.

Айта кетері, ЕО елдері үшін аса қажетті шикізаттың 30 түрінің 16-сы Қазақстанда өндіріліп, өңделіп келеді. Олар негізінен қазір АҚШ, ҚХР, Оңтүстік Корея, Еуропа елдері, РФ, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттерге экспортталып жатыр.