Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.
Қалада барлығы заң аясында жұмыс істеуі керек. Бұл – өзара сыйластықтың мәселесі. Әркім өз міндетін орындауы тиіс. Біз стационарлық емес сауда нысандарын орнату және пайдалану жөніндегі жаңа ережелерді қалалық мәслихатқа ұсындық. Себебі, қалада заңдастырылмаған 524 сауда нысаны бар. Олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бірде-бір рұқсат қағазы жоқ, — деді Ерболат Досаев.
Ол сонымен қатар аталмыш мәселе оның тікелей назарында екенін айтты.
Қала табысының 4-тен 3-бөлігі шағын және орта бизнестен келеді. Сондықтан барлығы заң аясында реттелуі керек. Мен бұл мәселемен жеке айналысуға дайынмын, — деді Ерболат Досаев.