Қалада 9 маршрутты жаңарту үшін 101 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда 4 маршруттың автобустары жаңартылды. Атап айтар болсам, №69 – 18 автобус, №201 – 24 автобус, №12 – 16 автобус, №71 – 10 автобус. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 5 маршруттың автобустары жаңартылады. Олар №5, 5а, 5б, 5в – 8 автобус және №205 – 25 автобус, — деді Алматы әкімі.
Бұдан бөлек, биыл қосымша 100 маршрут іске қосылып, желіге 34 автобус шығарылды. Келесі жылы Қалдаяқов көшесінен «Геолог» бау-бақша серіктестігіне дейін 1 жаңа маршрут қатынай бастайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде қоғамдық көліктер жаңартылып жатқанын, алдағы уақытта 300 автобус сатып алынатынын айтқан болатын.