Басты бетЖаңалықтарҰлттық банктің...

Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,54 теңгеге көтеріліп, 473,54 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7 желтоқсандағы ресми бағамы — 472,33 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 474,33 теңге, сату – 478,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,45 теңгеден сатып алынып, 475,74 теңгеден сатылып жатыр.