Депутат Екатерина Смышляева мұндай заң жобасын әзірлеу қажеттілігі жыл басынан бері елімізде өткізіліп жатқан жұмысшылардың акциясы мен ереуіл санының артуына байланысты туындағанын атап өтті.
Оның айтуынша, оқиғалардың басым бөлігі келіссөздер кезеңінсіз болады, соның салдарынан олардың бәрі заңсыз деп танылып, жұмысшылардың мәселесі шешілмейді.
Заң жобасы жұмыс берушінің жиналыстар өткізуге арналған үй-жайларды беру міндетін белгілейді. Оларды ұйымдастыру оңайырақ және қолжетімді болады. Ереуіл өткізу туралы шешім 2/3 емес, жай көпшілік дауыспен қабылдануы мүмкін, бұл ретте конференция кворумы да азаяды. «Сағаттық ескерту ереуілі» ұғымы енгізіліп жатыр» — деді Екатерина Смышляева ереуілдерді ұйымдастыру рәсімін жеңілдетуді көздейтін нормалар туралы айтып.
Депутат егер кәсіпорында бір мезгілде кәсіподақ пен жұмысшының сайланған өкілі болса, ереуіл туралы шешім қабылдайтын бірыңғай орган құрылатынын қосты. Заң жобасында еңбек арбитражының құрамына үшжақты комиссия өкілдерін енгізу де қарастырылған, бұл мекеменің жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымдарындағы наразылықтың күшеюі туралы ашық айтуға шақырып, жұмысшылардың заңды мүддесін сақтауды тапсырған болатын.