Алматыда 9 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

Полиция мәліметінше, Айша Тимур бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйден Алматының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен. Әлі іздестіріліп жатыр.

Белгілері: арық денелі, шашы қара түсті. Қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ киген. Рюкзак қызыл түсті, — делінген хабарламада.

Айша Тимур
Фото: Рolisia.kz

Алматы полициясы із-түзсіз жоғалған қызды көрген-білгендер болса, дереу 298-54-02; +7702-730-07-08 немесе 102 нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды.

Іздестіру жұмыстарына полицияның барлық жасағы, ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер мен қамқор жандар жұмылдырылды.