Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі 55 іс-шарадан тұратын Ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын бекітті. Онда осы сауалда көтерілген ұсыныстар мен саланың проблемалы мәселелері де қамтылған. Осылайша жоспар аясында 2023 жылдан бастап ветеринария қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен өсіру көзделген. Бұдан басқа, үкімет «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңды іске асыру ауқымында I және (немесе) II патогенді топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істейтін ветеринариялық қызмет саласындағы қызметкерлердің жалақысын ұлғайту бөлігінде «Қазақстан Республикасы үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын қарап жатыр, — деді үкімет басшысы жауабында.
Сонымен қатар ол ветеринария мамандарын азаматтық қызметшілер санатына қосуға қатысты да жауап беріп, мемлекеттік ветеринария ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындар нысанында да, мемлекеттік-коммуналдық мекемелер нысанында да жұмыс істейтінін айтты.