Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 470 – 473 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 470,5– 474 теңге аралығында құбылып тұр. 5 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,15 теңгеге көтеріліп, 469, 26 теңге болған.

Ұлттық банктің 6 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 469, 17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,56 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7, 25– 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да