Аяз, тұман, көктайғақ: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысым ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аяз, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар әсерінен қар жауып, тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.

Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. 6 желтоқсанға қараған түнде Қарағанды ​​облысында, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін аяз болады, — делінген хабарламада.