Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вице-премьер 4 желтоқсандағы таңертеңгі жағдай бойынша 5А, 5Б және 6 шағын аудандарда 11 тұрғын үйге жылу беру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Вице премьер-министр дайындық деңгейі жоғары, сондықтан кешке дейін олардың желілері (жертөлелер) жылуға қосылады деп сендірді. Сонымен қатар бұл үйлерде жылу радиаторлары мен жеткізу желілері ауыстырылып жатыр. Кешке пәтерлерде жылу беріле бастайды.
Сонымен қатар премьер-министрдің бірінші орынбасары жылу берілген үйлердің ішкі инженерлік коммуникациялары – кәріз құбырларын, сумен жабдықтау жүйелерін және тағы басқасын ауыстыру қажет екенін және бұл жұмыстың үкімет бақылауында екенін айтты.
«Жылу толығымен берілмейінше, жөндеу жұмыстарына тартылған бірде-бір ұйым бұл үйлерден кетпейді. Қазіргі уақытта барлығы 484 адам жұмылдырылған. Біз жұмыс форматын толығымен өзгерттік, ол тәулік бойы жүргізіледі», — деді Роман Скляр.
Премьер-министр барлық жұмысты тезірек аяқтап, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету қажет екенін айтты.