Полиция немересімен бірге үсіп қалған ерлі-зайыптылардың өлім себебін анықтап жатыр

Полиция мәлім еткендей, даладан табылған марқұмдардың денелерінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тиісті тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

3 желтоқсанда Абай облысында үш жасар немересімен қоса атасы мен әжесі де қақаған аязда далада қалып кетіп, үсіп жан тапсырғаны хабарланған.

Марқұмдардың жақындарының айтуынша, қаза тапқан ерлі-зайыпты 3 жасар немересін ертіп, өзге ауылға қонаққа барған. Ал түнде өз ауылына қайту үшін жолай көлік ұстаған. Алайда ауылға 1 шақырым қалғанда көліктен түсіп қалған ерлі-зайыптылар кішкентай баланы жетектеп, үйіне қарай жаяу тартқан.