Құтқарушылар жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына және кей жерде 120 см-ге жететін қардың қалыңдығына байланысты қары қалың аймақтарға бармауды ескертті.
«Қазселденқорғау» қызметкерлері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымбұлақ – Эдельвейс тас жолының «Медеу» бөгетінен жоғары учаскесіне блок бекеттер қойды», — делінген Алматы қалалық ТЖД хабарламасында.
Ведомство таулы аймақтағы қар көшкінінің қайталану ықтималдылығы мен жойқын әсері жағынан ең қауіпті табиғи құбылыстың бірі екенін де ескертті. Қар көшкіні үлкен жойқын күші бар және максималдық жылдамдығы сағатына 80 шақырымға жетуі мүмкін.
24 қарашадан бастап Алматының таулы аймағында 14 рет өздігінен қар көшкіні жүрген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алматы өңірінде қар көшкіні болуы мүмкін 165 алқап бар, оның 18-і «Медеу» спорт кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты және Үлкен Алматы көлі аудандарында орналасқан.