Басты бетЖаңалықтарШу қаласында...

Шу қаласында өртке оранған жеке үйден екі баланың денесі табылды

Өрт кезінде балалар ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз болған.

«2 желтоқсанда сағат 23:55-те Шу қаласында жеке тұрғын үйде өрт болды (үй заттары мен жиһаздардың жануы), 30 шаршы метрді қамтыған өрт орнынан 2017 жылы және 2020 жылы туылған екі баланың денесі табылды. Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те толығымен жойылды», — делінген департамент хабарламасында.

Өрт фактісіне сәйкес, ҚР ҚК-ның 292-бабы, яғни «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша іс қозғалды.

Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс шеңберінде тергеу іс-шаралары қолға алынды.