Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар еліміздің алдыңғы қатарлы университеттеріне 35 грант пен 12 атаулы стипендияны жеңіп алды.
Президенттік олимпиаданың арқасында оқушыларымыз өз әлеуетін ашып, білім гранттары түріндегі қомақты қолдауға ие болып жатыр. Балалардың олимпиадаға қатысу көрсеткіші өсіп келеді. Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша білімдерін сарапқа салды. Байқауға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) класс оқушылары қатыса алады. Былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 ЖОО осы олимпиаданың жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлді. Ал биыл «Дарын» өкілдері жоғары оқу орындарын грант бөлуге шақырған болатын. Нәтижесінде 6 университет жеңімпаздарымызға 35 грант пен 12 атаулы стипендия бөлді. Дарынды балаларымызға қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының басшыларына алғысымыз шексіз, — деді оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Сонымен қатар олимпиаданың қорытындысы бойынша министрліктің І дәрежелі дипломымен 9 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломымен 18 қатысушы және ІІІ дәрежелі дипломымен 27 қатысушы марапатталды.