Басты бетЖаңалықтарЖоғары аудиторлық...

Жоғары аудиторлық палатасының үш мүшесі тағайындалды

Жоғары палатаның шешімімен Рашит Ахметов, Нұрлан Нұржанов мен Расул Рахимов жоғары аудиторлық палатасының мүшесі қызметіне тағайындалды.

63 жастағы Рашит Сайранұлы Ахметов кейінгі бес жыл бойы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде жұмыс істеді.

57 жастағы Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов та осы комитетте еңбек етті.

Ал Расул Нұрланұлы Рахимов 44 жаста, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі. Оксфорд магистратурасын бітірген. Былтырдан бері республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет етіп келеді.

Аталған кандидаттар кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында өздерінің қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит саласында жауапты басшылар, жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті, — дейді сенатор Серікбай Тұрымов.

Айта кетейік, жоғары аудиторлық палатасының мүшелігіне кандидаттарды палата төрағасы ұсынады.