Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалсын, — делінген жарлықта.
Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.
1985 ж. — С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.
1999 ж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған.
1985-1987 жж. – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.
1987-1991 жж. — «Лениншіл Жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.
1991-1994 жж. — «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы.
1994-1995 жж. — Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.
1995-1997 жж. – Алматы әкімінің орынбасары.
1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.
1999-2000 жж. — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.
2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2002-2003 жж. — «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.
2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2006-2008 жж. — Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.
2008-2009 жж. — Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хытшысы.
2009-2015 жж. — Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2015-2019 жж. — Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2019 жылы Қазақстан Республикасы президентінің парламенттегі өкілдігі басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың қаңтарынан ҚР сенатының депутаты болды.