Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Әбілқайыр Сқақов Екібастұзда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Компания жылумен жабдықтау саласындағы қызметтер үшін толығымен қайта есептеу жүргізеді, барлық тұрғындарға өтемақы төленеді, — деді Әбілқайыр Сқақов.
Оның айтуынша, электр энергиясы үшін шығындарды өтеу мәселесі пысықталып жатыр. Шығындарды жабуды «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясына» (ОАЭК) жүктеу жоспарланған.
Нормативтерге сәйкес, қала тұрғындары әдетте шамамен 32 МВт электр энергиясын тұтынады, жылытқыштар таратылғаннан кейін ол 50-52 МВт-қа дейін өсті. Біз KEGOC-тан деректерді көріп отырмыз, егер тұйықталу немесе басқа да проблемалар туындаса, бригадаларды жібереміз, — деп толықтырды облыс әкімі.