Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-3-тармақпен толықтырылсын: 11-3. Ветеринария қызметкерлері күні – 10 шілде, — делінген Ашық НҚА сайтындағы хабарламада.
Министрлік дайындаған құжатта эпизоотиялық жағдайдың саулығы және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетінің артуы қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз ететін ветеринария жүйесімен тығыз байланысты екені айтылған.
Бүгінде Қазақстанда малшылар күні, орман шаруашылығы қызметкері күні, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні, балық шаруашылығы қызметкерлері күні сияқты кәсіби мерекелер бар. Алайда бүгінде ветеринария саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің керек екенін сезінбейді, — делінген құжатта.