Кездесуге келген тұрғынның бірі Түрксіб ауданында ойын аландары тазаланбайтынын айтты.
Аудандық әкімдік балалар ойын алаңын тазалағысы келмейді. Аудан әкімдігі мен пәтер иелері кооперативінен келген адамдар ПИК тазалайды деп сендірді, алайда оларда қаражат жоқ. Алаңдарды тазалауға ақшамыз жетпейді, — дейді тұрғын.
Мен сізбен келісемін. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап менің бастамам бойынша аудандарға үйішілік аумақтарды тазалауға қаражат бөлетін боламыз, — деді Ерболат Досаев.