Серіктестіктің бірінші кезеңінде Samsung The Frame теледидарына орнатылған «Өнер дүкені» (Art Store) қолданбасына мұражайдан алынған 20 цифрланған картина қосты.

The Frame инновациялық цифрлық кенеп пен заманауи жақтаудағы картина іспеттес. Лайфстайлық теледидардың иелері дүниежүзі мұражайларының ең танымал суретшілерінің жинағынан алынған екі мыңнан астам керемет өнер туындыларын тамашалай алады. Соның ішінде Лувр, Альбертина, Прадо, Yellow Corner, Виктория және Альберт, Берлинский мемлекеттік музейінен және тағы басқа алынған туындылар бар. Енді осы тізімге біздің Қастеев музейі де қосылды.

Фото: Samsung Қазақстан PR қызметі

«Өнер дүкені» Әбілхан Қастеевтің «Түрксіб» (1969), Айша Ғалымбаеваның «Дастарқан» (1959), Молдахмет Кенбаевтің «Асауға құрық салу» (1961), Қанафия Телжановтің «Көкпар» (1960), Николай Хлудовтың  «Киіз үйде» (1891)  және тағы басқа отандық суретшілердің туындыларымен толықты. Осы туындылар Samsung Account есептік жазбасымен авторизацияланған пайдаланушыларға Қазақстан аумағында жарты жылға қолжетімді. Қазақстан суретшілерінің туындыларын орнату үшін жазылым керек емес.

Сонымен қатар Қастеев музейінің орталық холында әртүрлі диагональдағы The Frame теледидарлары орнатылған қабырға пайда болды. Олардың кейбірінің экранында қазақстандық және әлемдік суретшілердің жарқын туындылары көрсетіледі. Ал қалғаны келушілермен коммуникация үшін қолданылып музейде болып жатқан іс-шаралар туралы хабарлайды.

Фото: Samsung Қазақстан PR қызметі

Samsung «Қазақстан бейнелеу өнерінің 100 жауһары» альбомын әзірлеуге қаржылық қолдау көрсетті. Бұл Қастеев музейінің маңызды мәдени жобасы – қазақстандық суретшілердің, графисттердің және мүсін шеберлерінің әлемге танымал жұмыстары арқылы ұлттық өнердің сан қырлы даму тарихын көрсетеді.

Мәдениетті қолдау – компанияның корпоратив миссиясының бір бөлігі.

«Ең нақты құндылықтар біздің болмысымыздың образдық түсінігін жеткізетін өнерде көрсетілген. Біз инновациялық өнімдерді әзірлейміз және әлемдік көркемөнер мұрасының бір бөлігі ретінде қазақстандық өнерді зерттеу мен сақтауға өз үлесімізді қосуға тырысамыз, — деді Samsung Electronics Central Eurasia  компаниясының аудио және видеотехника бөлімінің маркетинг жөніндегі менеджері Евгения Волкова».

Жоба туралы ақпаратты толық мына жерден білуге болады.