Мектеп, балабақша орналасқан Магнитная көшесі бойымен бір ғана №74 автобус жүреді, тағы бір бағыт қосуға бола ма?, — деп сұрады аудан тұрғындарының бірі.
Жылжымалы құрамды жаңартып жатырмыз. 300 автобус сатып аламыз. Бұл учаскені интервал бойынша өлшейміз. Қажет болса, маршрутқа автобустар қосамыз, — деді Алматы әкімі.
Қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан №74 бағыт кесте бойынша жүретінін айтты.
Тасымалдаушы – «Алматыэлектротранс», 10 жылжымалы құрам қозғалысты толығымен қамтиды. Қозғалыс аралығы — 12-15 минут, — деді Ернұр Әбжахан.