Жиында Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі қала басшысы Ерболат Досаевқа жылу және электр желілерінің дайындығы туралы сұрақ қойды.
Алматыда Екібастұздағыдай жылу жүйелерін өшіру қаупі бар ма?, — деп сұрады аудан тұрғыны.
Алматы әкімі Екібастұздағыдай жағдайды болдырмауға және ол үшін қолынан келгенін жасап жатқанын айтты.
Біз қыс мезгіліне қағаз жүзінде ғана емес, өте жақсы дайындалдық. Жақында мемлекет басшысы мен премьер-министрден энергетика жүйесіне ревизия жүргіземіз деген тапсырма келді. Жұмыс 1 желтоқсанда басталады, — деді Ерболат Досаев.
Қала әкімі құзырлы органдар екі апта ішінде 1-15 желтоқсан аралығында жылу желілері мен қазандықтарды қосымша тексеруден өткізетінін мәлімдеді.
Әзірге апатқа әкелетін алғышарттар жоқ деп үміттенемін. Жақында Гоголь көшесіндегі төтенше жағдай болды, желілер тозған, бірақ Алматы мұндай жағдайға дайын,- деді әкім.