Елімізде алдағы күндері 37 градусқа дейін аяз болады

Метеорологтар мәліметінше, кезекті антициклонның ауысуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі, соған байланысты батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Орталықта, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік циклон әсерін сақтайды, сонымен қатар жауын-шашын, негізінен, қар түрінде болады: 1 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 желтоқсанда шығыста атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауады.

Республикада желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ, шығыста және орталықта — қарлы боран.

Ауа температурасының төмендеуі: түнде республиканың батысында 2-16-дан 5-18 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 7-27-ден 14-30 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 15-28-ден 22-32 градус аяз, еліміздің орталығында 5-20-дан 13-30 градусқа дейін аяз, республиканың шығысында 15-35-тен 22-37 градусқа дейін аяз, оңтүстікте 3-12-ден 8-17 градусқа дейін аяз, оңтүстік-шығыста 1-22-ден 8-28 градусқа дейін аяз болады, — делінген хабарламада.