Екібастұз аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізу нәтижесінде қала әкімі ыстық тамақпен және демалыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, жылыту пункттерін ұйымдастырып жатыр.
Екібастұз әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған азаматтар қала әкімінің атына еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді.
Өтініште өтініш берушінің деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі), нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы, зақымдану себебі көрсетілуі тиіс. Өтініштерді тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйге залалды одан әрі өтеу үшін анықтаумен комиссиялық тексеру жүргізеді, – делінген хабарламада.
Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжайлар бойынша жылыту пунктілерінде қабылданады:
1) № 17 орта мектеп – Рабочая көшесі, 1; 2) № 4 орта мектеп – Абай көшесі, 84;
3) № 23 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 24;
4) № 36 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 23;
5) № 22 орта мектеп – Әуезов көшесі, 54а;
6) № 21 орта мектеп – Петренко көшесі, 7;
7) «Өнер» МКК – Әуезов көшесі, 62а;
8) Музыкалық мектеп – Әуезов көшесі, 55/1.
27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді. Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.