Егер біз активтер туралы емес, ЖЭО сияқты объектілер туралы айтсақ, стратегиялық объектілерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралып жатыр. Мұнда барлық жағдайлар үшін бірыңғай шешім жоқ – кейбір аймақтарда өте жауапты инвесторлар болуы мүмкін, егер олар бәрін дұрыс жасаса, уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізсе, өз міндеттемелерін орындаса, әлеуметтік және экологиялық ережелерді сақтаса, олар жұмыс істей алады деп ойлаймын. Бірақ проблемалы нысандар немесе иелері жұмыс істемейтіні туралы сигнал болған объектілер бойынша ЖЭО және басқа объектілер қалыпты режимде жұмыс істеуі үшін оларды мемлекетке қайтару мүмкіндігі қарастырылады. Барлығы еліміздің заңдарына сәйкес болады, — деді Әшімбаев сенат кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, үкімет ықтимал сын-қатер байқалған аймақтарды анықтайды.
Әрі қарай бұл мәселелер жаппай емес, жеке-дара қарастырылуы мүмкін. Бұл үшін мемлекеттің осы жағдайларда нысандарды алу міндетін жеңілдететін қандай да бір жаңа құқықтық нормалар жасау қажет болса, біз оларды жедел қабылдауға дайынбыз, — деді Әшімбаев.