Басты бетЖаңалықтарПрезидент ресми...

Президент ресми сапармен Францияға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.